03.04.2026, 09:30

Қарағандыда ұрылар көбейді

Коллаж: Sn.kz

Оқиға күндіз, адамдар көп жүретін жерде болған.

 

Қарағандыда қаланың қақ ортасында болған ұрлық жұртты шошытты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлер түсірген видеода ер адам екі әйелдің жанында жүріп, байқатпай сөмкені бірнеше рет ақтарып жатқанын көруге болады.

Оқиға күндіз, адамдар көп жүретін жерде болған. Кейін 59 жастағы әйел полицияға жүгініп, 35 мың теңгесі жоғалғанын айтқан.

Полиция күдіктіні бейнежазбаның көмегімен жедел анықтап, ұстаған. Белгілі болғандай, оның жүрген бағыты камералар арқылы толық бақыланған.

Қазір құқық қорғау органдары оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл жағдай қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселесін тағы көтерді.

Әсіресе, егде жастағы адамдардың қалта ұрыларына оңай олжа болып отырғаны алаңдатады.