03.04.2026, 10:30

5 жылда 3 есе өскен несие: бұл даму ма, әлде қарызға тәуелділік пе?

Фото: Pixabay

Несие алу оңай, бірақ қайтару - қиын.

Қазақстанда банктердің несие портфелі рекорд жаңартты - 43,5 триллион теңге. Бір жылда +21%. Соңғы 5 жылда - үш есе өсім. Бірақ осы өсім халықтың жағдайын жақсартты ма - үлкен сұрақ.Қарапайым тілмен айтқанда, банктер бұрынғыдан да көп несие беріп жатыр. Ал бұл - халықтың қарызға бұрынғыдан да қатты батып жатқанын білдіреді. Мысалы, Bank RBK бір жылда несие портфелін 39%-ға өсіріп, рейтингте жоғарылаған. Яғни банк көбірек табыс тауып жатыр. Бірақ осы несиелер кімнің есебінен беріліп жатыр? Әрине, қарапайым халық пен шағын бизнес. Сарапшылар банктер “экономиканы қолдап жатыр” дейді. Бірақ іс жүзінде банктер ең алдымен өз пайдасын ойлайды. Пайыздық мөлшерлемелер әлі де жоғары, ал қарыз алған адам жылдар бойы банктің “құлдығында” қалады.

Тағы бір маңызды деталь - несие сапасы. Ресми дерек бойынша, проблемалық несиелер небәрі 3,6%. Бірақ бұл көрсеткіш шынайы жағдайды толық ашпайды. Себебі көптеген қарыздар қайта құрылымдалып, “жақсы” несие ретінде көрсетіледі.Банктердің әлеуметтік жобаларға қатысуы да көп айтылады. Мектеп салды, зауыт ашты. Бірақ бұл -жалпы портфельдің өте аз бөлігі ғана. Негізгі ақша бәрібір тұтынушылық несиелерге кетіп жатыр.Қарапайым халық үшін шындық мынау: банктер байып жатыр, ал халық қарызға кіріп барады. Несие алу оңай, бірақ қайтару - қиын.

Сарапшылардың пікірінше, соңғы жылдары несие көлемінің күрт өсуі экономиканың құрылымындағы теңгерімсіздікті көрсетеді. Ресми дерекке сәйкес, банктердің жиынтық несие портфелі 43 триллион теңгеден асып, бес жылда шамамен үш есеге ұлғайған. Алайда осы кезеңде халықтың нақты табысы дәл осындай қарқынмен өскен жоқ. Қаржы нарығындағы негізгі үрдіс - тұтынушылық несиенің басымдығы. Яғни қазақстандықтар қарызды бизнес дамытуға емес, күнделікті шығындарын жабуға алуға мәжбүр. Бұл өз кезегінде халықтың қаржылық тұрақтылығы әлсіреп бара жатқанын аңғартады. Сарапшылар банктердің несие беру саясаты жеңілдегенін де атап өтеді. Онлайн рәсімдеу мен жылдам мақұлдау жүйесі қарыз алуды қолжетімді етті. Бірақ төлем қабілетін толық бағаламау тәуекелі күшейіп отыр.Сонымен қатар, пайыздық мөлшерлемелердің жоғары деңгейі сақталып келеді. Бұл банктердің тәуекелді қарыз алушылардың өзіне жүктеп отырғанын білдіреді. Нәтижесінде қаржы ұйымдары тұрақты табыс табуды жалғастырып отыр. Ресми статистикада проблемалық несиелердің үлесі төмен деңгейде көрсетілгенімен, сарапшылар бұл көрсеткіш нақты жағдайды толық ашпайтынын айтады. Қарыздарды қайта құрылымдау тәжірибесі шынайы тәуекел деңгейін төмендетіп көрсетуі мүмкін. Осылайша, несие нарығындағы қарқынды өсім бір жағынан экономикалық белсенділікті көрсеткенімен, екінші жағынан халықтың қарыз жүктемесінің артып келе жатқанын аңғартады. Бұл үрдіс ұзақ мерзімде қаржы жүйесінің тұрақтылығына да әсер етуі ықтимал.

Тегтер: кредит несие