Олар техника тауып, шұңқырларды топырақпен және қиыршық таспен жапқан.
Солтүстік Қазақстанда тұрғындар жолды өз күшімен жөндеуге мәжбүр болды. Майбалық пен Тамановское арасындағы жол көктемде адам жүргісіз күйге түскен.
Шұңқырдан көз ашпаған учаскеде көлік жүргізу қауіпті болып кеткен. Күте-күте шаршаған ауыл тұрғындары қолына күрек алып, жолды өздері тегістей бастаған. Олар техника тауып, шұңқырларды топырақпен және қиыршық таспен жапқан.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін ғана шенеуніктер қозғала бастады. Әкімдік жолға “жедел түрде” жөндеу жұмыстары жүргізілді деп есеп берді. Алайда кадр сыртындағы автор жолды негізінен ауыл халқы өздері жасағанын айтады.
Бұл жағдай өңірлердегі жол мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді. Халық өзі істейтін жұмысты билік неге уақытында атқармайды деген сұрақ ашық қалды.