03.04.2026, 12:20

Жағдайы ауыр: Павлодарда машинист биіктіктен құлап кетті

Фото: Pixabay

Дәрігерлер уақытша бекіту аппаратын орнату бойынша операция жасаған.

Зардап шеккен әйел бірнеше жерінен жарақат алған: аяқтары, жамбасы, қабырғалары сынған, сондай-ақ бас миы шайқалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Әйел есін біледі және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер уақытша бекіту аппаратын орнату бойынша операция жасаған.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.