03.04.2026, 11:50

Тоқаев Қарулы Күштерде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қарулы Күштерде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

- Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Осыған дейін атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген құжатта.