03.04.2026, 15:20

«Маскадағы жігіт» тағы бір отбасыға қуаныш сыйлады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады. 

Қайырымдылық ісімен танылған "Маскадағы жігіт" тағы бір отбасыға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады. 

Ақнұр – осыған дейін жалғызбасты анасымен және кәмелетке толмаған інісімен жалдамалы пәтерде тұрып келген 15 жастағы мүгедек қыз. Анасы табыс табу үшін үй жағдайында тәттілер пісіріп сатады. Ал жасөспірім інісі бірнеше жұмысты қатар істеп, отбасына қолғабыс жасап жүрген еді. 

Блогер отбасының жағдайымен танысқаннан соң Ақнұрдың ем-домы мен біліміне қажет қаражатты да толық мойнына алған. Аса ірі көлемдегі қаржылық көмек пен баспананы бірден сыйға алған отбасы қуаныштан көз жасына ерік бергенін видеодан байқау қиын емес.  Бетперделі жігіттің мұндай іс-әрекеттері әлеуметтік желіде әрдайым кең тарап, қоғамның ыстық ықыласын тудырып келеді. Көпшілік мұндай нақты қолдау мен үнсіз жасалған жақсылықты "адамдықтың жарқын үлгісі" деп бағалайды. 

Жыл басында ғана "Маскадағы жігіт" "4 көзіміз түгел отырып шай-тамақ ішу арман..." деген Нағиманың отбасыға баспана тарту еткен еді.