03.04.2026, 16:40

«Күйеуім өз нағашысына үйленбек»: Желіде келіншек көпшіліктен көмек сұрады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Күйеуім мен нағашысы бала күннен бір біріне ғашық екен.

ТикТок әлеуметтік желісінде Айша есімді келіншек өз күйеуінің сорақы әрекеттері туралы айтып, "қазақта мұндай масқара бар ма еді" деп қоғамға сұрау салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ТикТок әлеуметтік желісінде Aiesha атымен тіркелген келіншек осыған дейін өмірлік серігім деп таныған адамы бұрыннан бері өз нағашысымен ойнастық жасап жүргенін мәлімдеді. 

"Күйеуім мен нағашысы бала күннен бір біріне ғашық екен. Қазір сол махаббаттары үшін күресіп жатқандарын айтады. 

Бастауыш сыныпта басталған махаббаттары бүгінгі күнге дейін жалғасып келген. Басқа емес, өз нағашысы!" деген келіншек махаббат дегенді түсінгісі келетінін барынша түсіндіріп, алайда туыстық қатынас деген қастерлі ұғым қайда қалғанын сұрады. 

Ең сорақысы, видеоға қатысты пікір жазған жұрттың ішінде "менде де сондай жағдай болды" дегендер бар. 

Қазақта нағашы, жиен, бөле дегендер қандық туыстар емес пе? Мынау не сұмдық?! 

Ажырасу атаулыда бүкіл кінә мен күнәні әйелге жабуға әбден үйренген қазақ қоғамы еркектердің мынадай ессіз әрекетіне не айтар екен?

Өз анасының сіңлісіне ғашық болған қазақтың еркекгін кім деуге болады? Әлде "еркекке бәрі жарасады" деп көз жұмған дұрыс па?