03.04.2026, 22:30

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Фото: avtoradio.kz

Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» хабарлады.

3 сәуір күні Астана уақытымен сағат 21:13-те Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстаннан шамамен 853 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.

Жер дүмпуі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде әлсіз деңгейде сезілген. 

Атап айтқанда, Шымкент қаласы мен Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде дүмпу күші 2 балл шамасында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.