05.04.2026, 10:30

Зардап шеккендер бар: Қарағандыда 3 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Оқыс оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желіде жарияланды.

Қарағанды қаласында үш көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 5 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желіде жарияланды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуірге қараған түні Голубые пруды кентінде Cobalt, BMW және Priora маркалы автокөліктер жол апатына ұшыраған. Салдарынан бес адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді. 

Әзірге олардың жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ.