Қайғылы жағдай 4 сәуір күні тіркелген.
Ақтауда екі айлық нәрестенің шетінеуі жұртты шошытты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы жағдай 4 сәуір күні тіркелген. Полиция бастапқы тексерісте зорлық белгілері жоқ екенін айтты, іс тергеліп жатыр.
Бірақ көршілер бұл үйге бұрыннан алаңдап жүргенін жеткізді. Айтуларынша, үй ішінде жанжал жиі болған, ішімдік те қолданылған. Бұл туралы бірнеше рет құзырлы органдарға хабар берілген.
Алайда нақты өзгеріс болмаған. Сәбидің анасы – 32 жаста, мемлекеттен үй алған жалғызбасты әйел.
Онымен бірге тұрған ер адам бұрын да жауапкершілікке тартылған. Енді жұрт «осының алдын алуға болмай ма еді?» деп ашына сұрап отыр.