Үш қабатты үйдің дәл жанында жылдар бойы жиналған заңсыз қоқыс үйіндісі тау болып үйілген.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қасым Қайсенов кентінде тұрғындар қоқыс ортасында өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Үш қабатты үйдің дәл жанында жылдар бойы жиналған заңсыз қоқыс үйіндісі тау болып үйілген.
Ең сорақысы – бұл жерде мүлде қоқыс контейнерлері жоқ. Сол себепті халық амалсыз қалдықты өздері тұратын жерге төгуге мәжбүр.
Бұл жерде балалар ойнайды, адамдар күнде осы ауамен тыныс алады. Тұрғындар бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқанын айтады. Яғни проблема жаңа емес, бірақ нақты әрекет әлі жоқ.
Жергілікті билік қарапайым жағдай – контейнер қойып, қоқыс шығаруды да реттей алмай отыр.
Ал халықтың талабы қарапайым: таза орта мен қауіпсіз өмір. Егер мәселе тағы ескерусіз қалса, бұл жағдай ертең үлкен экологиялық қауіпке айналуы мүмкін.