Ер адам ұсталды.
Ресейде Челябинск – Санкт-Петербург бағыты бойынша жүретін пойызда ер адам жолсерікті итеріп түсірген. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
РЕН ТВ хабарлауынша, зардап шеккен әйел ауруханада жатыр, оған медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға Поназырево стансасында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жолсерік жолаушыны аялдама кезінде темекі шегу үшін сыртқа шығармаған болуы мүмкін. Ер адам тамбур есігін жауып, ештеңе болмағандай кетіп қалған.
Солтүстік-Батыс көлік прокуратурасы Челябинск – Санкт-Петербург пойызындағы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды.