Заңгердің сөзінше, жоғарыдан түсетін қоңыраулардың кесірінен байдың балалары заңға бағынбайды.
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Алматыда болған ауыр жол көлік оқиғасы бойынша пікір білдірді. Ол үш адамның өмірін қиған шулы көлік апатына бола кінәлі болған полицейлерді жақтады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Заңгердің сөзінше, жоғарыдан түсетін қоңыраулардың кесірінен байдың балалары заңға бағынбайды. Ал көшедегі жол ережесін сақтайтын қарапайым полицейлердің ондай жаңдайларға кінәсі жоқ. Өйткені, қарапайым сақшылардың қолында билік жоқ, олар тек орындаушылар.
«Полиция қызметкерлерінің өзі заңсыздықты көріп тұрып, шындықты айта алмайды. Оларға шектеу бар, жаза алмайды. Сосын олардың басындағы қиын жағдайларды әйелдері жазады. Ұлттық кеңес құрылғанда полицияға реформа орнатқымыз келді, көптеген ұсыныстар айттық. Мысалы, сақшылар таңғы сағат бесте тұрып, көлікте жүреді. Бала-шағасын көрмейді. Ал қымбат көлік тізгіндеген байдың балалары тоқтамайды немесе оларға басшылықтан қоңырау түседі, қорқытады. Бұл Шымкентте көргендерім. Біз тек бергі жағын ғана көреміз. Сондықтан ішкі жағын көргенде байдың балалары көкелеріне телефон соқтырады, номер тақпайды. Ал сақшылар ары кетсе әкімшілік хаттама толтырады. Кейін әлгі заң бұзушылар жазадан құтылып кетеді. Сондықтан біз тек бергі жағын ғана көреміз. Сондықтан Алматыдағы үш адамның өмір қиған оқиғаға қарапайым полициялардың кінәсі жоқ», - деді Айгүл Орынбек.
Заңгер QasqaJol ютуб арнасына берген сұхбатында Шымкенттегі түрлі шулы оқиғаларға тоқталды. Оның сөзінше, көптеген адамдар Шымкентке қызметтік өсу жолы ретінде жұмысқа келеді. Сонымен қатар заңгер жуырда қамалған Санжар Боқаев жайлы да пікір білдірді. Оның сөзінше, кезінде Боқаев билік кезінде өзі де қоғам белсенділерімен күрескен. Яғни, қазіргі әрекеті жасанды. Тіптен көшеге шыққан көптеген аналарды қинап, қамауға да алдырған адамның бірі, тапсырма беруші Боқаев болған.
«Санжар Боқаев бұрынан күрескер емес. Кезінде жүйеге жұмыс істеген, белсенділерді қудалаған адам. Сондықтан оның әрекеттерін толық тергеу керек. Америкада жүріп, қайтадан осы жақа жетіп келеді, сондағы мақсаты лаң салу ма? Мен елімде «қаңтар оқиғасы» тағы қайталанғанын қаламаймын.
Сосын менде 15 жылдық тәжірибе бар. Алдыңа жылап келген адамның сөзіне сене берудің қажеті жоқ. Олардың өздері қорқақ. Кейбірі өз құқығын өздері қорғап үйрену керек. Мәселен, кейбір адамдар өзгенің қолымен от көсейді. Осы тұрғыда жуырда қамалған Әділелхан Молдахан солай өзгенің құрбаны болып отыр. Мысалы, сол шағым айтқан, жылап келген адамдардың проблемасын елге, қоғамға жариялайсың. Кейін сол бойынша әлгі жылап келген адамды тергеуге шақырсаң келмейді. Барлық жауапкершілікті өзіңе лақтыра салады. Әділетхан Молдахан қолында ақпарат берген адамдар болса, онда ол заңгер жазаланбайды, кімнен ақпарат алғаны бойынша дәлелдерді көрсетіп беру керек. Ал егер дәлел жоқ болса онда Әділетхан Молдаханның жазасы ауыр болады, себебі ол көптеген адамдардың аттарын атады, енді оны дәлелдеу керек», - деді белгілі заңгер.