Петропавлда демалуға арналған скверде аяқ астынан жер опырылып, үлкен шұңқыр пайда болды. Оқиға Уәлиханов көшесі, 6-үй маңында, Шоқан Уәлиханов бюсті тұрған жерде болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тротуар плиткасы құлап, астында терең ойық ашылып қалған.Бұл жер күн сайын халық жүретін, балалар ойнайтын аумақ саналады.
Сондықтан жағдайдың қауіптілігі бірнеше есе артып отыр. Әсіресе кешкі уақытта немесе жарық нашар кезде шұңқыр байқалмай қалуы мүмкін. Мамандар мұндай жағдайда адамдар құлап, ауыр жарақат алуы ықтимал екенін айтады. Қазір бұл аумақтың нақты қашан жөнделетіні белгісіз.
Тұрғындар жауапты органдардан жедел әрекет күтуде. Қоғамдық орындардың қауіпсіздігі тағы да өзекті мәселе екенін көрсетті.