Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.
Ақтауда кеше, 6 сәуірде тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды – 15 жастағы қыз биіктіктен құлап кеткен. Оқиға Ақтаудың 13 шағын ауданында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, аумақ қоршауға алынған. Полиция департаментінде бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала нұсқа бойынша, суицид қарастырылып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.