Халық бірнеше рет шағымданғанымен, нақты нәтиже жоқ дейді.
Солтүстік Қазақстан облысында кәріз жүйесін жүргізгеннен кейін жолдың жағдайы мүшкіл күйде қалған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жұмыс барысында жол толықтай бүлінген.
Ал оны бұрынғы қалпына келтіру әлі күнге дейін жасалмаған. Қазір бұл көшеден көлікпен жүру қиын, әсіресе жаңбыр мен еріген қар кезінде жағдай тіпті ушығады.
Кадрларда тұрғындардың батпақ кешіп жүргені анық көрінеді. Жолдың орны ойылып, шаң мен лай араласқан қара жолға айналған. Халық бірнеше рет шағымданғанымен, нақты нәтиже жоқ дейді.
Мамандар мұндай жұмыстардан кейін мердігерлер жолды толық қалпына келтіруге міндетті екенін айтады. Алайда бұл талаптың сақталмай отырғаны байқалады. Қазір мәселе бақылауға алынғанымен, тұрғындар нақты әрекет күтуде. Дереккөз: osdp.sko.kz / sko_kz