Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет айтты.
Оның сөзінше, осы күні Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс жаңа деңгейге өткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«АҚШ бүгін стратегиялық нысандарға соққы берсе, ертең бұл шабуыл одан да қуатты жалғасады» деп сөзін нақтылады Пентагон басшысы.
Хегсет Дональд Трамптың позициясын ашық жеткізіп, президенттің «әзілдеп тұрмағанын» атап өткен.
– Трамптың Сулеймани, Мадуро және Хаменейге қатысты шешімдері – оның қандай да бір қауіпке көз жұмбайтынының дәлелі, – деді ол.
Дональд Трамп соңғы тәуліктерде бірнеше рет мәлімдеме жасап, Иранға тікелей қысымын күшейтті. Оның сөзі Вашингтонның шешімін ештеңе өзгерте алмайтынын көрсетеді.
– «Мен Иранның энергетикалық нысандарын соққылау әскери қылмысқа жатады деп ойламаймын», «Сәрсенбінің таңында әлем картасында Иран деген ел болмауы мүмкін» деді ол.
Трамптың сыны тек Тегеранға ғана бағытталған жоқ. Ол НАТО мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әріптестердің позициясына да наразылық білдіріп отыр.
– НАТО – қағаз жолбарыс. Ол да, Оңтүстік Корея, Жапония мен Аустралия секілді бізге жәрдемдеспеді, – деді америка көшбасшысы.
Вашингтонның пікірінше, халықаралық ұйымдар мен одақтастардың үнсіздігі АҚШ-ты біржақты әрекетке итермелейді.