07.04.2026, 16:40

Қос қазақ боксшысы Азия чемпионатында қарсылас атанды

Фото: oralbay_nurbek парақшасынан

Осылайша, 10 сәуір күні өтетін финалдық сессияда жанкүйерлер «қазақ дербиінің» куәсі болмақ.

Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында қазақ боксшылары кездеседі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының капитаны, аса ауыр салмақ өкілі Айбек Оралбай мен Қытайдағы қандасымыз Данабек Байқоныс чемпиондық атақ үшін қолғап түйістіреді.

Жартылай финалда Байқоныс үндістандық Нарендермен кездесіп, айқын басымдық танытты. Бірінші раундтың өзінде қарсыласы ауыр жарақат алып, жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. Нәтижесінде финалға Данабек өтті.

Ал Айбек Оралбай өз кезегінде жартылай финалда түрікменстандық Довлет Исламовты еш қиындықсыз жеңді – 5:0.

Осылайша, 10 сәуір күні өтетін финалдық сессияда жанкүйерлер «қазақ дербиінің» куәсі болмақ.