07.04.2026, 18:20

Түркияда Израиль елшілігіне қарулы шабуыл жасалды

Фото: видеодан скриншот

Полиция қызметкерлерінің арасында зардап шеккендер бар екені хабарланды.

Стамбұлда Израиль консулдығына қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шабуыл жасағандардың көзі жойылғаны және полиция қызметкерлерінің арасында зардап шеккендер бар екені хабарланды.

Karar басылымы X әлеуметтік желісінде оқиға орнынан кадрлар жариялады. Хабарламада Бешикташ ауданындағы Израиль консулдығына қарулы шабуыл жасағаны айтылған. Оқиға орнына көптеген полиция бөлімшесі жіберілген.

CNN Turk арнасының Стамбұл полициясына сілтеме жасап хабарлауынша, үш шабуылдаушы қаза тапқан, екі полиция қызметкері жараланған.