08.04.2026, 09:50

Балық қырылуда: Петропавлдағы көлде не болып жатыр?

Фото: видео скриншот

Солтүстік Қазақстан облысында балықтың жаппай қырылуы тіркелді.

Петропавлдағы Пестрое көлінің жағасынан көп мөлшерде өлі шортан табылған. Оқиғаны жергілікті тұрғын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрлар тез тарап, халық арасында алаңдаушылық туғызды. Мамандар бұл жағдайды былтырғы су тасқынымен байланыстырып отыр.

Айтуларынша, өзендер арнасынан асып, балықтар көлдерге ауысқан. Ал көлдегі оттегі деңгейі өзенге қарағанда төмен болғандықтан, шортанға қолайсыз жағдай қалыптасқан. Соның салдарынан балықтың қырылуы мүмкін деген болжам айтылды.

Сонымен қатар, соңғы күндері өңірдің басқа су айдындарында да осындай жағдайлар байқалған.

Қазір нақты себепті анықтау үшін тексеріс жүргізіледі.