$ 475.31  555.54  6.05

Қарағандыда жаңа жолды қазып тастап кеткен: бюджет қайда, жауапты кім?!

Жауапты мекемелердің үнсіздігі жағдайды ушықтырып отыр. Жөндеу қашан басталатыны әзірге белгісіз.
 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қарағандыда жаңа салынған жол қайтадан қазылып, сол күйі қалдырылған. Кадрларда асфальт ортасы ойылып, көлікке де, жаяуға да қауіп төндіріп тұрғаны анық көрінеді.

Тұрғындардың айтуынша, бұл - қала ортасындағы Можайский көшесі. Ең сорақысы - жолды жөндеген мекеме белгісіз, жауапты орган да нақты айтылмаған.
«Қарағанды су» бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Сонда жолды кім қазды, не үшін қазды - сұрақ ашық күйінде тұр. Жаңа жолға бюджеттен қаржы бөлініп, үш жыл күткен нәтиже осылай аяқталған. Қазір тұрғындар көліктеріне зиян келіп жатыр деп шағымдануда.

Жауапты мекемелердің үнсіздігі жағдайды ушықтырып отыр. Жөндеу қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Дереккөз: narodyi.control.krg3

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0