$ 475.31  555.54  6.05

Алматыда курьер подъезде тұрған баланың арбасына дәрет сындырған (ВИДЕО)

Оқиғадан кейін ол ештеңе болмағандай тапсырысын жеткізіп кеткен.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Алматыда курьердің әрекеті қоғамды шулатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада жеткізу қызметінің қызметкері подъезде тұрған баланың арбасына дәрет сындырғаны көрінеді.

Оқиғадан кейін ол ештеңе болмағандай тапсырысын жеткізіп кеткен.

Жәбірленушілер бірден полицияға жүгініп, кінәліні жауапқа тартуды талап етті.

Айтуынша, арбаны қанша жуса да жағымсыз иіс кетпеген. Бұл жағдай әлеуметтік желіде үлкен наразылық туғызды. Көпшілік мұндай адамдардың азық-түлік жеткізу саласында жұмыс істеуіне қарсы. Сарапшылар мұндай әрекет санитарлық талаптарды өрескел бұзу екенін айтады.

Қазір оқиғаға қатысты тексеріс басталғаны хабарланды. Жауапты органдар курьердің әрекетіне құқықтық баға бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0