$ 479.82  559.9  6.15

Тұрғындар алаңдаулы: Екібастұзда теміржол көпірі тесіліп жатыр

Бұл көпірмен күн сайын ондаған көлік қатынайды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Екібастұздан шығаберістегі теміржол көпірінің жағдайы жұртты алаңдатып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындар түсірген видеода көпір конструкциясында көзге анық көрінетін тесіктер бар. Кей жерлері әбден тозып, металл қабаты жұқарып кеткені байқалады.

Бұл көпірмен күн сайын ондаған көлік қатынайды. Алайда қауіпті аймақ екені туралы ешқандай ескерту белгісі қойылмаған.

Желіде пікір қалдырғандар «бұл – апаттың алдындағы жағдай» деп дабыл қағуда.

Кейбірі көпірдің кез келген сәтте опырылып түсуі мүмкін екенін айтып отыр. Жауапты органдар әзірге ресми түсініктеме бермеген.

Ал тұрғындар әкімдіктен шұғыл тексеріс жүргізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талап етуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0