$ 479.82  559.9  6.15

Атырауда бір жыл өтсе де жөнделмеген жол: бюджет қайда кетті?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Атыраудағы Гагарин көшесіндегі жөндеу жұмыстары бір жылға жуық уақыт өтсе де аяқталмай тұр. Бұл учаске 2025 жылдың мамырында жабылғанымен, бүгінге дейін қараусыз қалған күйде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жолдың орны батпаққа айналып, көлік түгілі жаяу жүргіншіге қауіп төндіріп отыр. Су жиналған шұңқырлар мен шашылған топырақ бұл жерде нақты жұмыс жүрмегенін көрсетеді.

Тұрғындар күн сайын осы жерден өтуге мәжбүр, ал жағдай тек нашарлап барады. Әсіресе жауыннан кейін көшенің жағдайы тіпті қиындайды. Жергілікті халық әкімдіктің бұл мәселені созбалаңға салып отырғанына наразы. Қарапайым жөндеу жұмысы неге бір жылға созылғаны түсініксіз.

Қалада жол мәселесі бұрыннан өзекті болса да, нақты нәтиже көрінбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0