10.04.2026, 18:00

Елімізден тағы бір ғарышкер шығуы мүмкін

Фото: liter.kz

Шенеунік республикада болашақ ғарыш миссияларына негіз бола алатын ғылыми зерттеулердің басталып кеткенін хабарлады.

Бұл туралы Ресейде өткен ғарыш форумында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Комитет төрағасының айтуынша, Қазақстанда осы уақытқа дейін 5 ғылыми бағдарламаны орындап, бес рет ғарышқа ұшқан 3 ғарышкер болды. Қазіргі таңда Оралмағамбетов атап өткендей, қоғам да, мамандар да пилоттық космонавтикада елдің жаңа өкілі пайда болғанын күтіп отыр.

Шенеунік республикада болашақ ғарыш миссияларына негіз бола алатын ғылыми зерттеулердің басталып кеткенін хабарлады.

Атап айтқанда өткен жылы Қазақстанда төрт әйелден тұратын экипаждың арнайы капсулада ұзақ уақыт оқшаулануы бойынша жерүсті эксперименті басталды. Биыл мұндай тәжірибелерді жалғастырып, оның нәтижелерін кәсіби қауымдастыққа таныстыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Оралмағамбетов Ресей-Қазақстан бірлескен "Бәйтерек" жобасы аясында "Союз-5" зымыранын ұшу сынақтарынан өткізгеннен кейін, болашақта оны тек спутниктерді ұшыру үшін ғана емес, ғарышкерлерді аттандыру үшін де пайдалану мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, бірінші Ресейлік ғарыш форумы 9 сәуірде "Ресей" ұлттық орталығында "Ғарыш апталығы – 2026" аясында өтті.