$ 479.82  559.9  6.15

Жаңа адамдар Еріктілер жылы аясында бүкіл ел бойынша Қан тапсыру штабтарын іске қосады

Ерікті болу — азаматтық ұстанымды білдіру.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Жыл басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Еріктілер жылы деп жариялап, қоғамның дамуына әр адамның азаматтық қатысуы мен жеке жауапкершілігінің маңызын ерекше атап өтті. Еріктілік — өмір салты, өз мүдделеріңнің шекарасынан шығып, айналада болып жатқанның бәріне бейжай қалмай, әрекет ету таңдауы.

Жаңа адамдар Қозғалысы әрбір қазақстандықты осы таңдауға қосылып, әрекет арқылы Ерікті болуға шақырады. Қан тапсыру — өз қажеттіліктеріңнен асып, мұқтаж адамға өмір сүру мүмкіндігін сыйлау. Қанды жасанды түрде жасау мүмкін емес, оны сатып алуға немесе технологиямен алмастыруға болмайды — ол тек адамның ерікті шешімі арқылы ғана пайда болады.

Жаңа адамдар Қазақстанның 18 ірі қаласында қан тапсыру штабтарын ашады: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей, Қостанай, Қызылорда, Орал, Атырау, Ақтау, Петропавл, Көкшетау, Талдықорған және Түркістан. Әрбір ерікті qantapsyr.kz сайтына тіркеліп, қажетті ақпаратпен таныса алады.

Ерікті болу — азаматтық ұстанымды білдіру. Бұл өзгерістер сенің шетте бейжай қалмау туралы шешіміңнен басталатынын түсіну. Осындай әрекеттер арқылы бір-біріне немқұрайлы қарамайтын, бірге қуатты және жасампаз орта құруға дайын адамдары бар қоғам қалыптасады.

Ерікті бол — Қан тапсыр!

Тіркелу qantapsyr.kz сайтында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0