10.04.2026, 23:30

Нұрлан Сабуровқа тағы бір елде өнер көрсетуге тыйым салынды

Фото: toppress.kz

Еске салайық, бұған дейін Нурлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған.

Молдова билігі ресейлік әртістер Диана Арбенина мен Нурлан Сабуровтың концерттерін өткізуге қарсы болып, сондай-ақ украиналық әнші Олег Винниктің өнер көрсетуінен бас тартуды ұйымдастырушыларға ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Молдова Мәдениет министрлігі бұл әртістердің қатысуымен жоспарланған үш іс-шараны өткізуді орынсыз деп санайтынын мәлімдеді.

«Мәдениет министрлігі жақын уақытта Молдова Республикасында өтуі тиіс Диана Арбенина, Нурлан Сабуров және Олег Винник қатысатын үш іс-шараны өткізуді орынсыз деп есептейді», — делінген ведомствоның Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

Жарияланған мәліметке сәйкес, іс-шара ұйымдастырушыларына жүргізілген бағалау нәтижелері жеткізілген. Оларға аталған әртістермен жасалған келісімшарттарды тоқтату ұсынылған. Министрлік бұл шешім әртістердің Молдоваға кіруіне тыйым салынуы немесе концерттердің толықтай тоқтатылуы сияқты жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданғанын түсіндірді.

Еске салайық, бұған дейін Нурлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған.