11.04.2026, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды.