$ 473.13  554.08  6.13

3 бала қаза тапты: Астанадағы пәтерлердің бірінен алапат өрт шықты

Бұл туралы ТЖМ хабарлады. 

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Бүгін түнде Астана қаласының Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Хабарлама түскеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген сәтте пәтерде ашық жалын болғаны анықталды.

Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған. Зардап шеккен тұрғын №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. 

Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. ТЖМ күштері жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген, – делінген министрліктің ақпаратында.

Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай бақылауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0