12.04.2026, 14:30

Өскеменде жол апатынан екі адам көз жұмды

Фото: pixabay

Алдын ала деректерге сәйкес, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы көлікті айдап әкеткен.

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза болды.ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты Малдыбаев көшесінде болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Алдын ала деректерге сәйкес, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы көлікті айдап әкеткен. Малдыбаев көшесі арқылы қалаға кіріп келе жатқанда қарсы жолаққа шығып кетіп, Mersedes-Benz көлігімен соқтығысты, — деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Соның салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды. Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітовтің айтуынша, Mersedes-Benz көлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған фактіге байланысты тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.