Өрт дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды.
Астана Төтенше жағдайлар департаменті үш баланың өліміне себеп болған өрттің жай-жапсарын айтып берді. Құтқарушылардың мәліметінше, тұрғын үй кешенінің ауласына кіреберіс темір қақпамен жабылып, ауланың ішінде көлік көп болған, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Астана ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Тұқышевтың айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте пәтердің бүкіл аумағы отқа оранған. Пәтер есігі жабық болғандықтан, құтқарушыларға оны арнайы құралдардың көмегімен ашуға тура келді.
"Өрт дабылы мен құлақтандыру жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа түскен. Сонымен қатар, аулаға кіреберіс темір қақпамен жабылып, ішінде көлік көп болған. Соған қарамастан, ТЖД күштері өрттің көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді", - делінген жарияланған видеода.
Өрт дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды, себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында сараптамалар тағайындалды.