13.04.2026, 09:20

Астанадағы балалар өлімі: іске қатысты ПД мәлімдеме жасады

Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанадағы "Көркем" тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт салдарынан қаза тапқандардың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында аумақ қоршауға алынып, арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін тиісті шаралар қабылданды», – деп мәлімдеді полиция.

Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.