$ 473.13  554.08  6.13

Атырауда ауруханаға барған науқастар шұңқырға құлап жатыр

Куәгерлердің айтуынша, бұл жерден өту күн сайын қауіпті болып барады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырауда ауруханаға келген науқастардың өзі қауіпке тап болды. Алмагүл ауданындағы медициналық мекеме алдында үлкен шұңқыр пайда болған.

Салдарынан бірнеше адам құлап, жарақат алғаны белгілі болды. Оқиға орнында асфальт опырылып, бетон бөліктері қақ айырылған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл жерден өту күн сайын қауіпті болып барады.

Тіпті ем іздеп келген адамдардың өзі жарақат алып жатыр. Видеода әйелдің аяғынан зақым алғаны анық көрінеді. Тұрғындар әкімдіктен шұғыл шара қабылдауды талап етуде. Алайда әзірге бұл аумақ қоршалмаған, ешқандай белгі қойылмаған. Аурухана алдындағы мұндай бейберекет жағдай қоғам наразылығын күшейтіп отыр.

Видео: @qazakh_inform

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0