13.04.2026, 09:30

СҚО-да мұғалімдер балшық кешіп жүр

Фото: видеодан скрин

Бір кездері жөнделген жолдың сапасы ұзаққа шыдамай, қайтадан жарамсыз күйге түскен.

Солтүстік Қазақстан облысында Архангелка ауылына баратын жолдың жағдайы тағы да жұрттың ашуын туғызды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жол жыл сайын көктемде батпаққа айналып, қатынасты қиындатады.

Көліктер терең шұңқырларға батып, кейде жарты сағаттап әрең шығарылады. Тіпті бір жеңіл көлік балаларымен бірге батпаққа тығылып қалған жағдай тіркелген. Ауыр техника да бұл жолда жүре алмай, жүргізушілер шығынға батып жатыр. Ең қиыны – көрші ауылдардан қатынайтын мұғалімдердің жағдайы.

Олар күн сайын жұмысқа лай кешіп барып, кейде мектепке үсті-басы былғанып жететінін айтады. Тұрғындар бұл мәселенің бір жылдан бері емес, жылдар бойы шешілмей келе жатқанын жеткізді.

Бір кездері жөнделген жолдың сапасы ұзаққа шыдамай, қайтадан жарамсыз күйге түскен. Ал жергілікті билік бұл мәселеге нақты қашан нүкте қоятыны әзірге белгісіз. Видео: v_ritme_sko

Тегтер: СҚО мұғалім