Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындағанын жазған болатынбыз.