$ 473.13  554.08  6.13

Астанадағы үш баланың өлімі: Құтқарушыларға кедергі келтірген көліктің иесі жазаланды

Қалалық полиция көлік иесін тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанадағы өрт кезінде тұрғын үй ауласына кіретін жолды бөгеп тұрған көліктің иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдай демалыс күндері "Көркем" тұрғын кешенінде болған. Өрт кезінде пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Ал олардың анасы қатты күйіп қалған. Сол кезде әлеуметтік желіде аулаға кіретін жолды жауып тастаған көліктің видеосы тараған болатын.

Қалалық полиция көлік иесін тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айта кетері, Әкімшілік кодекстің 597-бабы 3-бөлігі (Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша 10 АЕК (2026 жылы – 40 325 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0