14.04.2026, 09:30

Сәтбаевта көшенің қақ ортасында ер адамды жабылып соққыға жыққан

Фото: видео скриншот

Оқиға түнгі уақытта жолдың дәл ортасында болғаны кадрлардан анық көрінеді.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында көшеде ер адамға жасалған қатыгез шабуыл қоғамды шулатты. Оқиға түнгі уақытта жолдың дәл ортасында болғаны кадрлардан анық көрінеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгісіз бірнеше адам жәбірленушіні жабылып ұрып-соғып, аяусыз соққыға жыққан. Жерде жатқан адамға да соққы жалғасқаны көпшіліктің ашуын туғызды.

Оқиға орнында куәгерлер болғанымен, ешкім дер кезінде араша түспегені байқалады. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, қызу талқыға түсті.

Полиция күдіктілердің анықталып, бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Жәбірленушінің жағдайы туралы ресми мәлімет әзірге жарияланған жоқ.