Әлеуметтік желіде Берік Адам есімімен танымал жаттықтырушы марқұм шәкірті туралы бейнежазба жариялады.
Астанада тұрғын үйде болған өрт салдарынан үш бала көз жұмды. Қайғылы оқиға қоғамды бейжай қалдырмады. Қаза тапқан балалардың үлкені Айзерені жаттықтырған маман оны ерекше ықыласпен еске алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желіде Берік Адам есімімен танымал жаттықтырушы марқұм шәкірті туралы бейнежазба жариялады.
“Үш баланың үлкені - Айзеренің ЛФК жаттықтырушысы болдым. Отау ағасы - Қабылқазы бауырымызға және барша жақындарына Алла сабырлық берсін… Жанаргүл ханымға Алла шипасын берсін…. Біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Балалардың топырақтары торқа болсын”, - деді жаттықтырушы.