14.04.2026, 20:30

Шерзат ісі: сотталғандарға қатысты дерек шықты

Фото: Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Бұған дейін Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет өздерін толық ақтауды талап еткен.

Кассациялық сот Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталған екі азаматтың шағымдарын қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың шағымдары қанағаттандырылмады. 

Бұған дейін Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет өздерін толық ақтауды талап еткен. Адвокаттар бұл қылмыстық істе алдын ала сөз байласу болмағанын айтып, істі тоқтатуды немесе жазаны жеңілдетуді сұрады. Прокуратура екі азаматтың кінәсі іс материалдарымен дәлелденгенін мәлімдеп, үкімді қайта қарауға қарсы болды. Сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Тоқтаубаев пен Қалиахметтің шағымдары қанағаттандырылмады. Оларға қатысты 2025 жылғы 5 маусымдағы соттың шығарған үкімі өзгеріссіз қалды.