Қоғамдық кеңестің №5 комиссия отырысында "Спорттық нысандар дирекциясы" ЖШС бас директоры Есет Байтасов халықаралық гастрольдік тур аясында қос жұлдыздың Алматыда өнер көрсетуі мүмкін екенін айтқан.
Алматыда әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – рэп орындаушы Эминем мен әнші Шакираның концерт өткізуі мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда әзірге бұл жоспарлар нақты бекітілмеген. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғамдық кеңестің №5 комиссия отырысында "Спорттық нысандар дирекциясы" ЖШС бас директоры Есет Байтасов халықаралық гастрольдік тур аясында қос жұлдыздың Алматыда өнер көрсетуі мүмкін екенін айтқан.
Дегенмен әкімдік бұл мәліметтің әзірге тек алдын ала сипатта екенін атап өтті.
– Бұл ақпарат таныстыру мақсатында ғана айтылды және концерттердің міндетті түрде өтетінін білдірмейді. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде. Ресми келісімдер жасалған жоқ, сондай-ақ концерттердің өтетін күні мен орны бекітілмеген. Барлық келіссөздер аяқталғаннан кейін қосымша ресми ақпарат ұсынылады, – деп хабарлады әкімдік өкілдері.