15.04.2026, 14:20

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері түрмеге түсті

Фото: Pixabay

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар қаласында ойынға тәуелділігі бар түзету мекемесінің қызметкері сыбайлас жемқорлық фактісі – пара алу бойынша сотталды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Прокурорлар сотталған адамның жазасының өтелмеген бөлігін жеңілдетілген жазаға ауыстыру туралы шешім қабылдау және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұялы телефондарды заңсыз өткізу үшін лауазымды тұлғаға ақша аудару фактілерін анықтады. Аталған соманы ол букмекерлік кеңселерде бәс тігу үшін пайдаланған.

Мемлекеттік айыптауды дәлелді жүргізудің нәтижесінде 2026 жылғы 1 сәуірде сот оған 6 жылға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру және әділет капитаны арнайы атағынан айыру жазаларын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысында 58 млн теңге жымқырған есепші 7 жылға сотталғанын хабарлаған едік.