$ 476.97  562.59  6.27

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі сарайдан табылды

Бұл оқиға Қаракемер ауылында болған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Жамбыл облысының Қордай ауданында екі жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл оқиға Қаракемер ауылында болған.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайдың суицид екенін хабарлады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген полиция түсініктемесінде.

Желіде олардың денесі сарайдан табылғаны айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0