$ 471.46  555.38  6.18

Маңғыстау облысында нөсер жауын салдарынан үйлерді су басты

Жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД-дан 50-ден астам техника және 150-ден астам жеке құрам жұмылдырылды.

Фото: Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында нөсер жауынның салдарынан үйлерді су басты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның мәліметінше 14-15 сәуір аралығында өңірде айлық нормадан 3-4 есе көп жауын-шашын түсті.

"Нөсер жаңбыр салдарынан Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Қарақия аудандарында көшелерді су басты. Жаңаөзен қаласында 2 тұрғын үйге су кірді", - деп жазылған хабарламада.

Жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД-дан 50-ден астам техника және 150-ден астам жеке құрам жұмылдырылды.

Сондай-ақ, қатты жел салдарынан Маңғыстау және Бейнеу аудандарында шамамен 20 тұрғын үйдің шатыры зақымданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0