16.04.2026, 11:00

Екібастұзда бір топ мас адам дәрігер мен медбикені есінен танғанша сабап тастаған

Фото: видеодан скриншот

 2026 жылғы 12 сәуірде Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жақ сүйегі жарақаттанған ер адам жүгінген.

Екібастұзда пациенттің мас күйде болған екі досы қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасады. Жарақат алған дәрігерлер ауруханаға жатқызылды, ал күдіктілерді полиция ұстады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

 2026 жылғы 12 сәуірде Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жақ сүйегі жарақаттанған ер адам жүгінген. Онымен бірге екі досы келген - үшеуі де (пациент пен оның достары) алкогольдік мас күйде болған.

Тексеру кезінде травматолог-дәрігер науқастың достарынан кабинеттен шығуды сұраған. Олардың бірі бас тартып, өзін агрессивті ұстап, былапыт сөйлеп, мамандардың жұмысына кедергі келтірген.

Бөлмеден шығу туралы талап қайта айтылғаннан кейін жанжал ушыға түскен. Ер адамдардың бірі қабылдау бөлімінің есігін итеріп қалғанда, ол дәрігердің басына тиген. Травматолог бұзақыларды сыртқа шығармақ болғанымен, олар қарсылық көрсеткен.