16.04.2026, 15:30

Сәуірде қар жауып, жол мұзға айналды: Теміртауда автобустар соқтығысты

Фото: видеодан скрин

Ауа райының құбылуы әлі де қауіп төндіруі мүмкін.

Теміртауда екі жолаушылар автобусы қатысқан жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сай, оқиға ауа райының күрт нашарлауынан кейін тіркелген.

Сәуірдің ортасында қар жауып, жолдар көк мұзға айналған. Соның салдарынан көлік қозғалысы күрт қиындап, апат қаупі артқан. Куәгерлер жолдың тазаланбағанын айтып, жауапты қызметтерге наразылық білдіруде.

Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы нақты ақпарат әлі нақтылануда. Қазіргі таңда апаттың нақты себептері тексеріліп жатыр. Мамандар жүргізушілерді сақ болуға шақырып отыр. Ауа райының құбылуы әлі де қауіп төндіруі мүмкін. Видео: temirtau.times