25 жастағы автоматтандырылған басқару жүйелерінің операторы өндірістік ауыр жарақат алған.
16 сәуірде Петропавлдағы ірі кәсіпорындардың бірінде жас қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Qazaqstan Media басылымының мәліметінше, оқиға "Маслодел" ЖШС-де болған.
25 жастағы автоматтандырылған басқару жүйелерінің операторы өндірістік ауыр жарақат алған. Оны бу күйдіріп жіберген.
Оқиға орнына келген дәрігерлер екінші дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойған. Иық, қол және беттің бір бөлігі зақымданған.
Жас жігіттің жағдайы ауыр деп бағалануда. Денесінің 30%-дан астамы күйген. Зардап шеккен азамат Петропавл қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген.