18.04.2026, 12:30

Маңғыстау облысында мұғалім оқушыны зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Pixabay

39 жастағы педагог полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары басталған.

Маңғыстау облысында мектеп мұғалімі кәмелетке толмаған оқушымен заңсыз қарым-қатынас жасады деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

39 жастағы педагог полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары басталған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ол Мұнайлы ауданындағы №12 мектепте технология пәнінен сабақ берген және бұл білім орнында шамамен сегіз жыл еңбек еткен. Әріптестері оның мұндай әрекетке баруы мүмкін екеніне күмәнмен қарап отыр.

Күдіктінің төрт баласы бар екені белгілі болды. Ал жәбірленуші – 9-сыныпта оқитын жасөспірім қыз. Полицияға арызды қыздың өгей әкесі түсірген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.