Себебі мұндай жерде көгеру, сасық иіс, түрлі ауру қаупі күшейеді.
Щучинск қаласында көпқабатты үйдің жертөлесін су басқанына 20 күн болды. Тұрғындар бұл мәселені 28 наурызда-ақ әкімдікке жеткізген.
Сол кезде жауаптылар «мамандар барады» деп уәде берген. Бірақ үш апта өтсе де, ештеңе өзгермеген. Қазір жертөледе су әлі тұр, ылғал күн сайын көбейіп барады. Бұл жағдай үйдің іргетасына әсер етіп, қабырғаларды әлсіретуі мүмкін.
Тұрғындар «үй құлап кетпей ме?» деп алаңдап отыр. Себебі мұндай жерде көгеру, сасық иіс, түрлі ауру қаупі күшейеді. Жұрт суды шұғыл сорып, нақты себепті анықтауды талап етуде. Әзірге ресми органдар тарапынан нақты әрекет көрінбейді.