19.04.2026, 22:30

Атыраудағы қаза тапқан отбасы: Марқұмдарға ауыл болып зират тұрғызды

Фото: видео скриншот

Атырау облысының Жангелдин ауылында күйеубаласының қолынан қаза болған бір отбасының бейітіне құлпытас қойылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға кезінде көз жұмған Мақсот Мұқанғалиев, оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиева және олардың балалары Наурыз бен Мейрамгүлдің қабірі ауыл тұрғындарының және туыстарының қатысуымен тұрғызылды.

Жангелдин ауылына арнайы барған КТК телеарнасының тілшісі Жанат Молдашова бұл сәттің ел үшін ауыр болғанын атап өтті. Оның айтуынша, ауыл халқы марқұмдарды еске алып, Құран бағыштап, рухына тағзым еткен.

Ауыл тұрғындары бұл отбасының қазасы ел ішінде үлкен қайғы қалдырғанын айтып, олардың рухына құрмет көрсету мақсатында бірлесіп бейітін көтерген.

Қайғылы жағдайға байланысты тергеу амалдары жалғасуда.