Ол – қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлға.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақтың көрнекті ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасында қайтыс болды.
Ол – қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлға. Бар ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арнап, кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырды. Ақынның шығармалары әлемнің 50-ден астам тіліне аударылған.
Марқұмның туған-туыстары мен барша қазақ халқына қайғыра көңіл айтамыз.